» » ҰБТ туралы

 
 
 

ҰБТ туралы

Автор: admin от 15-05-2016, 14:50, посмотрело: 1280

1
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.

1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.
2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.
3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.
4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.
5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.
6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.
7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.
8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.
9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.
Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!

 

 
 
Мектеп бітірушілерге ақыл-кеңес:
Емтихан тапсыруға дайындық.

Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина.
• Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды беделін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстердегі қандай да бір сурет немесе эстампы болады.
• Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, үкісің ба? Немесе бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максимамды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
• Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.
• Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады.
• Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
• Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады.
• Секундомермен уақытты белгілеп тесттерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек).
• Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп айлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
• Емтиханға дейін барлығын қайталауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

Емтихан қарсаңында:

• Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.
• Тест күні күндегіден ерте тұру керек.
- салқын сумен жуыну керек.
- гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
- дұрыстап тамақтану керек.
• Тамақтану үлгісі:
- аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды.
- жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
• Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
• Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.
• Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек.
• Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел.
• Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс.
• Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.
• Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят.
• Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты.
• Алдыңдағы тапсырманы ғана айла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тесттегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

ҰБТ-ке қатысу! Психологиялық кеңес.
Аффирмация

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
• Мен андай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Түлектерге ақ тілек!

Ақ арманның қанатын қаққанда,
Сәттілік нұрын шашсын жолдарыңда.
Жан-жағыңа әрдайым бақыт тұнып,
Бастарыңа қонсыншы бақыт күліп.
Үлкен арман қай кезде де жол табар,
Кезің келді намыс жүгін арқалар.
Қадамдарың сәтті болсын әр дайым,
Әр қайсысың ойдағыдай бал алып,
Тек жеңіспен жарқырасын маңдайың.
 
 
 

ҰБТ-ның математика мен физика есептерін шығаруда қандай қателерден сақ болу керек?


  Ең маңызды мәселе – уақыт! Бұл тек математика ғана емес, барлық пәндер үшін. Бірақ, әсіресе, математика, физика және химия пәндері ең уақытты қажет ететін пәндер екенін бәрі мойындайтын болар. Есептерді алдымен оқып-түсінуге (осы ең қиын кезең), кейін шығаруға уақыт кетеді.

Тапсырмалар кітапшасын ала салып, бірден жедел іске кірісуге әлден жаттығу керек. Шындығын айту керек – әсіресе ауыл баласы баяу, асықпай, бейқамдау қимылдайды. Мұны көріп те, ескертіп те келеміз.

Уақытты әлден «қатаң әскери» тәртіппен жоспарлау керек – есептің шартын оқып, логикалық ойлап үлгеруге, формулалармен есепті шығарып үлгеруге минуттап белгілеу керек. Жеңіл-қиын есептерге бөлінетін уақытты және оларды орындау ретін, жалпы есептерді «айналдыра» орындауды да қатаң сақтап үйрену керек. Соған күнделікті қайта-қайта жаттығу керек. Әлі де кеш емес.

Өте бір маңызды мәселе – арифметика! Ия, ия! Небір күрделі есептерді жап-жақсы шығарып келіп, ақыр-соңында болмашы арифметикалық есептеулерден қате жіберіледі! Бұл – өте көп кездесетін ең өкінішті жағдайдың бірі. Кейін білгенде кімнің де болса іші «күйіп» кетеді. Бұл қате неліктен жіберіледі? Асығыстық пен немқұрайдылықтан! Біздің балалардың есептің соңына келгенде, әлі бітпегенді біткенге қабылдап, «бітіруді» немқұрайды немесе менсінбей, шалажансар, апай-топай атқара салатын жаман әдеті бар. Ал әрбір есеп… арифметикамен аяқталады! Сондықтан, осы жерге аман-есен жеткенде «О, Арифметика деген патшаның алдына келдім!» деп қайта сақтықты күшейте, абайлап аяқтау қажет.

Өте бір «қиын» мәселе – таңба! Әрине, физика-математикаға дарынды балалар бұл қатені жібермейді, бірақ басқа көпшіліктің бұл ең көп сүрінетін тұсының бірі. Шамасы, мектепте осы мәселеге тиісті көңіл бөлінбейді-ау.

Қарапайым арифметикалық есептеулерде, алгебралық түрлендірулерде, теңдеулер мен теңсіздіктер шешуде, теріс дәрежелермен есептеулерде «минус» таңбасын көргеннен көзді ашыңқырап, өзіңді қайта тексеріп, әсіресе саналы түрде өту керек. «Саналы түрде» дейтінім – көпшілік есепті тек көзбен істейді, яғни үйреншікті дағдыларын жүріп өтеді. Сондықтан да, өздігінен шешім қабылдап, өздігінен орындайтын тұста шорқақтық жасайды.

Айрықша жағдайлар! Әрбір тақырыптың есептерінде өзіндік ерекше жағдайлар болады. Соларға айрықша көңіл бөлу керек. Бұл бір түйінді нүктелер. Күтпеген жерден пайда болып, талай оқушыны састырады. Соған дайын бол.

Формула жаттау! Бұл енді айтпаса да түсінікті. Бірақ… менің таңқалатыным, көп балалар осы кезге дейін, ҰБТ-ға бір-ақ ай қалды, формулаларды өте нашар біледі, дәптерден қарап пайдаланады! Дәптерді, калькуляторды, ешнәрсені алып кірмейтінін біле тұра осылай?!.

Бұл – есептерді өте аз шығарғандықтан. Формуланы тақпақ не өлең сияқты жаттай алмайсың. Тек есепті молынан шығару кезінде ғана баста қалып қояды. Әлі де есепке құлшынысты арттыру керек, тиімді еңбекті көбейту керек. Басқа амалы жоқ.

Физика есептерінің бір ең үлкен қиындығы – өмірдің түрлі салаларына беріледі. Сондықтан өмірден, техникадан түрлі термин сөздер қолданылады. Оларды түсіну үшін не өмірлік тәжірибе мол болуы, не… жан-жақты есептерді молынан шығарып, жаттығу қажет болады. Міне, есептер осылай тәрбиелейді.

Бір ескертетіні – физика есептерін шығару үшін математикалық білім жоғары болуы тиіс екенін бәрі біледі. Бірақ бұл шарт орындала бермейді. Физиканы игеру үшін математикаңды жөнде және оны физикаға тиімді қолдануды үйрен.

Міне, ҰБТ-ға тынбай дайындық үстіндегі мектеп бітіруші балаларға менің кішкентай кеңестерім мен аталық батам. Шаршамай-талмай, өмірлеріңдегі алғашқы үлкен де жауапты сынақтарыңнан сәтті де абыройлы өтіп, өмірден өз орындарыңды табыңдар, айналайындар.

 

Аға ұстаз Бақытжан Бүшібарұлы

Дереккөз:  http://kushibaruly.kz

Категория: Оқушыларға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
5 декабря 2018 13:38

LorettaElift

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
а я думал, что начальным прочитал… (вот так всегда) сказано неплохо - кратко и комфортно для прочтения и осмысления.

дропы